Биыл 13 мыңнан астам адам қызылша жұқтырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл 13 мыңнан астам адам қызылша жұқтырды

12.11.2023

Осы апта Қарағанды облысында 260-тан астам бала қызылша жұқтырғаны анықталды. Өңірде қауіпті дертпен күніне 10 науқас тіркеліп жатыр. Дені бір жастан 4 жасқа дейінгі вакцина алмаған балалар екен. Ал қазан айында науқастар саны бұдан екі есе көп болған. Мамандардың айтуынша, қызылша аурының 85%-ы екпе салдырмағандар арасында тіркелген.

Ал ел бойынша 13 мыңнан астам адамнан қызылша анықталған. Оның 83 пайызы балалар. Осыған байланысты Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният қызылшаға қарсы қосымша иммундауға қатысуға шақырды.

Ажар Ғиният, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

Бұл аурудың этиятроптық емі жоқ. Симптаматикалық ем жүргіземіз. Қазіргі 450 мыңдай доза вакцинамыз бар. Қосымша миллиондаған доза алайын деп жатырмыз. Жылдың аяғына дейін 500 мың доза вакцина аламыз. Бұл шараны келесі жылдың қаңтар айының аяғына дейін жүргізетін боламыз.

Бұған дейін «Апта» бағдарламасында «бала саулығы мен біліміне келгенде ата-ананың өз идеологиялық түсінігіне байланысты шешім қабылдауы қаншалық дұрыс?» деген сауалға жауап іздеген едік. Өйткені вакцина салдыруға қарсы ата-аналар мұны діни наным-сеніммен байланыстырады екен. Ал дәрігерлердің екпені міндеттеуге хақы жоқ. Сарапшылар «бала үшін жауапкершілік тек қана қоғам, мемлекет міндеті сияқты» жағымсыз тенденция пайда болғанын да айтады.


Хабарламаларға жазылу