Францияның солтүстігін алапат тасқын жайлады. Үздіксіз нөсер жауын жауып, қауіптің ең жоғары қызыл деңгейі жарияланған. Табиғи апаттан жүздеген адам қауіпсіз жерге көшірілді. 200 ауданда мектептер жабылды. Ауа райы болжамына сай, өңірде бүгін де жаңбыр жауады. Лай көшкіні жүруі, өзендер арнасынан асуы мүмкін деген қауіп сейілмей отыр.
Арай Төлеген