Премьер-министрінің орынбасары еліміздің сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Израиль мемлекетінің сыртқы істер министрі Эли Коэнмен телефон арқылы сөйлесті. Ол израильдік әріптесіне Газа секторындағы Қазақстан азаматтарын эвакуациялауға жәрдемдесу туралы сенімді өтініш білдірді. Министр Эли Коэн Израиль тарапы Қазақстан азаматтарын эвакуациялау мәселесін шешуге бар күш-жігерін салатынына және бұл мәселені өзінің жеке бақылауға алатындығын жеткізді.
Аида Ахметбек