Арайлым Әбенова самбодан әлем чемпионы атанды. Ереван қаласында өткен тартысты додада отандасымыз аса ауыр салмақта үздік шықты. Арайлым алдымен ширек финалда Филиппин өкілін, кейін жартылай финалда румыниялық балуанды 3:2 есебімен қапы қалдырды. Ал финалда 80 келіден жоғары салмақта ресейлік спортшы, Орынбор облысының өкілі Жанар Құсанованы 6:0 есебімен жеңді. Арайлым қазақ қыздары арасында алғаш рет аса ауыр салмақта үздік атанып отыр.
Аида Ахметбек