Мемлекет басшысы Бас прокурор Берік Асыловты қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы Бас прокурор Берік Асыловты қабылдады

13.11.2023

Мемлекет басшысы Бас прокурор Берік Асыловты қабылдады. Президентке еліміздегі заңдық және құқықтық тәртіптің жай-күйі мен қадағалаушы органның қызметіндегі басым бағыттар туралы мәлімет берілді. Заңсыз айналымдағы активтерді қайтару үшін жаңадан құрылған Комитеттің қызметі туралы да баяндалды. Кәсіпкерлерді қылмыстық қудалау 3 есеге азайған. Прокурорлар 900-ден астам инвестициялық жобаны бақылауға алды. Қазірдің өзінде 41 инвестордың түйткілді мәселесі шешімін тапты. Азаптауға қарсы іс-қимыл шаралары жөнінде де айтылды. Мұндай әрекеттерді болдырмау үшін 54 түзету мекемесіне 29 мың бейнекамера орнатылған. Осылайша азаптау фактілеріне шағымдану 94-тен 17-ге дейін азайған.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің тыныс-тіршілігіне қатысты барлық салада заңның сақталуын қамтамасыз ету ісін күшейту қажет екеніне назар аударды.

Хабарламаларға жазылу