Жетісу облысында мыңға жуық ағашты заңсыз кескендер ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жетісу облысында мыңға жуық ағашты заңсыз кескендер ұсталды

14.11.2023

Жетісу облысында 1000-ға жуық орман ағашын заңсыз кескен екі тұрғын ұсталды. Ақсу ауданының тәртіп сақшылары тіркемесі бар көлікті тоқтатып, жүк салғыштарынан жаңа кесілген талдарды тәркілеген. Тексеру барысында Алматы және Талдықорған қаласының тұрғындары Қызылағаш және Сағабүйен ауылдарының ортасындағы орман жолағын отап тастағаны белгілі болды. Келтірілген шығын есптелуде. Қылмыстық іс қозғалды.

Қуаныш Қанатұлы



Жетісу облысы

Хабарламаларға жазылу