Мәскеуде қазақ жауынгерінің сүйегі табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәскеуде қазақ жауынгерінің сүйегі табылды

14.11.2023

Мәскеу маңындағы Апалщино ауылының маңынан Екінші дүниежүзілік соғыста қаза тапқан қазақ жауынгерінің сүйегі табылды. Сейлан Мәметов 1912 жылы туған. Қызылорда облысы, Қазалы аудандық әскери комиссариатынан әскерге шақырылып, 144-атқыштар дивизиясының 785-атқыштар полкінің құрамында соғысқан. 1941 жылы 7 қарашада Мәскеуді қорғау кезінде қаза тапқан. Жауынгердің туыстары әлі табылған жоқ. Сүйегі Қазақстанға жеткізіліп, әскери құрметпен жерленеді.

Индира Бегайдар


Хабарламаларға жазылу