Аcтанада Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі дәстүрлі кеңес өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Аcтанада Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі дәстүрлі кеңес өтті

14.11.2023

Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымы Қазақстанда арнайы хаб ашудың бастамасын қолдайды. 37 мемлекеттің мүддесін қорғайтын ұйым өкілінің айтуынша, азық-түлік хабы мен логистиканы ұйымдастыруға кемінде 400 миллион доллар көлеміндегі инвестиция қажет.

Әсіресе бидай мен ет өндірісі және азықты өңдеуге көп көңіл бөлініп отыр. Аcтанада Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі дәстүрлі кеңес өтіп жатыр. Бұл 7-ші рет ұйымдастырылып отырған алқалы жиын. Бұл жолғы тақырып –азық-түлік қауіпсіздігі.

Сондай-ақ, жаңартылған энергия көздері мен жасыл технология бағыттары да талқыланбақ. Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңеске мүше мемлекеттер тәжірибе алмасып, шағын және орта бизнес бойынша халықаралық қатынастарды дамыту үшін бұл жиынның мән-маңызы зор. Бұл – жаңа жобаларға инвестор тартуға таптырмас алаң.

Қайрат Сарыбай, АӨСШК бас хатшысы:

Біздің Азия кеңесіндегі басты мақсат осы - тәжірибе алмасу, бір-бірімізді тыңдау, егер бизнес форум кезінде айтылатын нақты жобалар өзінің инвесторын тауып жатса бұл біздің нақтылай форумның нәтижелері болады.

Азамат Нұғыманов


Хабарламаларға жазылу