Талдықорғанда жұмыссыз жастар әскери-техникалық мектепте тегін оқиды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Талдықорғанда жұмыссыз жастар әскери-техникалық мектепте тегін оқиды

14.11.2023

Талдықорғанда жұмыссыз жүрген жастар әскери-техникалық мектепте 42 күн тегін оқып, белгілі бір кәсіп меңгеріп шығып жатыр.

Мұнан бөлек қолдарына әскери билет алып, қызметке тұруына мүмкіндік бар. Мемлекет қолдауымен Жетісу облысында NEET санатына жататын 30 азамат жеделдетілген бағдарламамен әскери-техникалық мектепте білімін шыңдауда. Олар әскери тәртіппен өмір сүріп, әскери техника, қару-жарақтың қыр-сырын меңгеріп дайындықтан өтеді. Жалпы өңірде бұл санаттағы жастар саны 15 мыңнан асады. Яғни еш жерде жұмыс істемей, ата-анасына масыл болып, көше кезіп жүрген азаматтар. Олардың қатарында жоғары оқу орнын бітіргендер де, ерте отбасы құрған жастар да бар.

Ақжол Әмір, Жаркент қаласының тұрғыны:

Мен мектеп бітіргеннен кейін ешқандай жерде оқымадым. Ешқандай жерге жұмысқа тұра алмадым. Содан кейін осы әскери мектепке оқуға келдім. Қазір мамандығым бойынша автослесарьмын. Осы оқуды бітіргеннен кейін ары қарай мүмкіндіктерім көбейеді.

Қуаныш Серікқанов


Жетісу облысы Талдықорған

Хабарламаларға жазылу