Палестинаны жақтайтын заңгерлер тобы халықаралық сотқа шағым түсірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Палестинаны жақтайтын заңгерлер тобы халықаралық сотқа шағым түсірді

14.11.2023

Палестинаны жақтайтын халықаралық заңгерлер тобы Гаагадағы халықаралық қылмыстық сотқа Израильдің үстінен шағым түсірді. Мұндай бастаманы Францияның тәжірибелі заңгерлерінің бірі Жиль Деверс қолға алған. Адвокаттар Израильдің Газа секторындағы әрекетін «геноцид» деп атады. Олардың айтуынша, Израиль 1 млн-нан астам адамды күштеп көшіру, оларды су, энергия, азық-түлік пен дәрі-дәрмектен шектеу арқылы Газа секторының тұрғындарын толық жоюды көздейді. Бұған қоса халықаралық заңгерлер тобы Палестинаны тезірек мемлекет ретінде тануға шақырды.

Соңғы мәліметтерге сай, Израильдің Газа секторына жасап жатқан шабуылынан қаза тапқан адам саны 11 мыңнан асты. 28 мыңнан астам палестиналық жараланған. Ал Израильде қазанның 7-де Хамастың шабуылынан 1400 адам мерт болды.


Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу