Астанада осыдан бір ай бұрын құрылыс алаңында биіктен құлап жазым болған альпинистердің өліміне қатысты күдікті қамауға алынды.
Тергеу барысында, жұмыс беруші, яғни жеке кәсіпкердің қызметкерлері қайтыс болуына қатысы бар екендігі туралы дәлелдер жиналды. Қалалық прокуратураның мәлімдеуінше, «Абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан құрылыс жұмыстарын жүргiзу кезiнде қауiпсiздiк қағидаларын бұзу» бабы бойынша, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Қазанның 12-сі күні елордадағы құрылыс алаңдарының бірінде 4 бірдей өндірістік альпинист биіктен құлап, жұмысшылардың біреуі оқиға орнында жан тапсырды. Тағы екеуі ауруханада қайтыс болды. Тоғызыншы қабаттан құлаған төртінші альпинист әлі де ауруханада. Қалалық Денсаулық сақтау басқармасы мәлім еткендей, 1999 жылғы науқастың жағдайы бірте-бірте дұрысталып келеді. Қосымша құралдарсыз тыныс алатын болды. 6 қарашадан бастап өзі тамақ ішіп, аз-маз серуендей бастады.
Жалпы, дәрігерлер науқастың өміріне араша түсу және оны емдеп жазу үшін көп жұмыс атқарды».