Көкшетауда балабақша қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін алынған құрылғылар қолданысқа берілмеген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көкшетауда балабақша қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін алынған құрылғылар қолданысқа берілмеген

15.11.2023

Көкшетауда балабақшалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 76 миллион теңгеге сатып алынған биометриялық табельдар әлі күнге дейін толық қолданысқа берілмеген. Бұл қондырғылар қаладағы мектеп жасына дейінгі балаларға арналған мекемелерге осыдан бірнеше ай бұрын орнатыла бастаған. Алайда, іске қосылмапты. Мәселен, «Арман» балабақшасына қойылған он алты құрылғының қазір тек біреуі ғана жұмыс істеп тұр. Айта кетейік, мұндай биометриялық табельдар бөгде адамның мекеме аумағына кіруіне жол бермейді. Яғни, балабақшаға баласын әкелген ата-аналар алдымен түр-сұлбасын биометриялық иден-тификаттаудан өткізеді. Кейін құрылғы оларды мекеме аумағына арнайы тексеріс арқылы ғана кіргізеді. Қалалық білім бөлімінің мәліметінше, қазір мұндай қондырғы қаладағы 6 балабақшаға орнатылған.

Нұралин Нәжмиден, қалалық білім бөлімінің сектор меңгерушісі:

Әр балабақшаның өз есеп бөлімі бөлек. Тендерлық, конкурстық жұмыстарды әр балабақша жеке өткізеді. Кейбіреулерінде ерте орнатылды. Мердігерлер ерте шығып жұмыс істеп жатыр. Кейбіреулері келісімшарт бойынша әлі де жұмыс жасап жатыр. Сондықтан осындай уақытқа созылып тұр.

Ұмсындық Наурызбаева


Хабарламаларға жазылу