Мемлекет басшысы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевті қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевті қабылдады

15.11.2023

Мемлекет басшысы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевті қабылдады. 10 айда Қазақстандағы мұнай игеру көлемі 74,8 миллион тоннаны, ал қара алтын өндірісі 11,2 миллион тоннаны құраған. Сонымен қатар қысқы жылыту маусымы қалыпты өту үшін қосымша бақылау орнатылды. Атап айтқанда, энергетика нысандарын қамтамасыз ету мақсатында 5,5 миллион тонна көмір мен 100 мың тонна мазут қоры дайындалған.

Кездесу соңында Президент жылыту маусымының барысын және энергетика инфрақұрылымын жаңғырту жобаларының іске асырылуын айрықша бақылауда ұстауды, сондай-ақ ішкі нарықты жанар-жағармаймен және сұйытылған газбен үздіксіз қамтамасыз етуді тапсырды.

Хабарламаларға жазылу