Мадридте ауқымды демонстрация полициямен қақтығысқа ұласты. Бұл шеруге үкіметтің Каталония аймағын Испаниядан бөліп алуды көздеген сепаратистердің лидерлерін түрмеден босату жоспары себеп. Манирфестанттар күшпен таратылмас бұрын бірнеше адам тұтқындалған.
Уақытша премьер Педро Санчес каталондардың жетекшілерін бостандыққа шығара отырып, олардың парламенттегі партияларының қолдауына ие болып, билікте тағы бір мерзім қалудан үмітті. Оппозиция жақтастары болса, мұндай әрекет конституцияға қайшы деп есептейді. Санчестің өкілеттігін жалғастыру мәселесі бүгін дауысқа салынуы керек.
Арыстан Рысбек