Сонымен 20 миллиноныншы тұрғынның бірі Талдықорған қаласында дүниеге келді. Ұл баланың салмағы 3 келі, бойы 50 сантиметр. Анасы Диана Әзімбаева бұл біздің отбасымыздағы төртінші сәбиіміз дейді.
Нәрестесінің аман-есен дүниеге келгеніне қуанған Диана ұлының 20 млн-шы тұрғын атанғаны тосын сый болғанын айтады. Отбасы кішкентай бөбектің атын да қойып үлгерді.
Диана Әзімбаева, 20 миллионыншы тұрғынның анасы:
Күтпеген жаңалық болып отыр біз үшін. Әрине қуаныштымыз. Қуанышымда шек жоқ. Барлығы құттықтап жатыр. Атын қойдық. Аты – Айсұлтан Мұхтарұлы. Қазақ еліне қызмет етіп, батыр азаматтардың бірі болсын.
Қуаныш Қанатұлы