Сенатор: Үш айда тұрмыстық зорлық-зомбылық 4 есе көбейген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сенатор: Үш айда тұрмыстық зорлық-зомбылық 4 есе көбейген

16.11.2023

Елімізде соңғы үш айда тұрмыстық зорлық-зомбылық 4 есе көбейген. Сондықтан жазаны қатаңдату уақыт күттірмейтін мәселе. Сенатор Дархан Қыдырәлі осылай деді. Бүгін депутат қоғамды алаңдатқан проблеманы Сенаттың жалпы отырысында көтеріп, өзінің депутаттық сауалын Үкімет басшысына жолдады. Дархан Қыдырәлі, әдепсіз әрекеттер әдетке айналып бара жатқанын баса айтты.

Дархан Қыдырәлі , ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

Қылмыстың кез келген түрін ақтауға болмайды. Озбырлық түрі ойран. Сондықтан, заңбұзушылыққа төзбеу, зорлық-зомбылыққа ымырасыз болу мәдениетін дамытуымыз керек. Бұл бағытта түсіндіру жұмыстарын тұрақты түрде өткізу, үлкен ұжымдарда жауапты арнайы қызметті бекіту қажет деп ойлаймыз.

Самал Қабышева

Хабарламаларға жазылу