Елімізде 2030-шы жылға дейін туу көрсеткіші жоғарылай береді. Сондықтан ана мен баланы әлеуметтік қолдауға айрықша мән беріледі, деді бүгін Қостанай облысында жұмысшылармен кездескен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова.
Светлана Жақыпова ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:
30-шы жылға дейін 1 млн 800 жас еңбек нарығына келеді. Ол азаматтардың қайда оқып, қайда жұмыс істейтінін бүгіннен ойластырып жатырмыз. Ол үшін қандай жаңа жұмыс орындарын ашамыз? Осындай жұмыстарды министрлік жүргізіп жатыр.
Дәуренбек Әбдібек