Израиль әскері Газа секторының ең ірі госпиталі «Әш-Шифада» операция жүргізіп жатыр. Мақсат – Хамастың командалық пункті мен жетекшілерін және қару-жарағын жою. Алайда Хамас ауруханаға жасырынбағанын мәлімдеп отыр. «Әш-Шифада» пациенттермен бірге жүздеген босқын бар. Сондықтан Біріккен Ұлттар Ұйымы мен АҚШ Израильді оны шайқас алаңына айналдырмауға шақырды.
Арыстан Рысбек