Астанадағы ақылы автотұрақтардан жыл басынан бері 201 млн теңге ақша жиналған. Бұл қаржы қала бюджетіне бағытталмақ.
Жалпы, елордада 7 мың 300 ақылы автотұрақ бар. Оның құны сағатына 100 теңге. Жүргізушілер автотұрақтарға ақыны банк қосымшалары мен терминалдар арқылы аударады. Ал тұрақ аумағында тәртіп бұзған жағдайда 10 350 теңгедей айыппұл төлейді.
Жандос Темірғали