Ташкентте «Киелі Түркістаннан – Тарихи Ташкентке» мәдени- әдеби сапар өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ташкентте «Киелі Түркістаннан – Тарихи Ташкентке» мәдени- әдеби сапар өтті

17.11.2023

«Киелі Түркістаннан – Тарихи Ташкентке» мәдени- әдеби сапар өзбек елінің астанасында жалғасты. Бұған дейін еліміздің бірнеше өңірінде өткен шара, Түркістан облысының құрылғанына 5 жыл толуына орай ұйымдастырылған.

Әлішер Науаи атындағы Өзбекстан Ұлттық кітапханасында шығармашылық кеш өтті. Мақсат - өлкенің мәдениеті мен әдебиетін дәріптеу. Жиын барысында Қазақстанның, оның ішінде Түркістан облысының рухани мәдени өмірі мен әдебиеттің бүгінгі даму жайы сөз болды. Кездесуге Қазақстанның Өзбекстандағы елшілігінің, сондай-ақ, Ташкенттегі қазақ диаспорасының өкілдері қатысты.

 Айта кетейік, Әлішер Науаи атындағы Ұлттық кітапханада қазақ әдебиеті орталығы бар, осы ұжымға қонақтар ерекше тартуын ала келген.

Жанат Шардарбекова, Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының директоры:

Сол қазақ әдебиеті орталығына біз арнайы кітап қорын алып келдік. Себебі бұл жақта екі миллиондай қандасымыз тұрады. Олардың сұранысы - Қазақстанда жарық көріп жатқан жаңа әдебиеттер, көркем әдебиет, тарихи әдебиет. Көбіне жастар тарихи әдебиетке бет бұрды.

Базаркүл Отыншиева


Хабарламаларға жазылу