Үкімет: Көлік және транзиттік әлеуеттің дамуын тежейтін кедергілерді жою қажет - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үкімет: Көлік және транзиттік әлеуеттің дамуын тежейтін кедергілерді жою қажет

18.11.2023

Елде көлік және транзиттік әлеуеттің дамуын тежейтін кедергілерді жою қажет. Ол үшін көрші елдермен ақпараттық жүйелерді интеграциялау жөніндегі келісімді пайдаланып, бүкіл Орта дәліз бойымен бір логистикалық тізбек құру керек. Себебі, саланың басты кедергілерінің бірі – шекарада және әуежайларда ұзаққа созылатын әкімшілік рәсімдер.

Бұл туралыҮкіметте Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте айтылды. Үкімет басшысы одан бөлек, жол құрылысына сапалы өнім пайдаланып, битум өндірісін ұлғайтуды және жаңадан салынған жолдардың сақталуын бейнебақылаумен қадағалауды тапсырды. Биыл ел бойынша шамамен 11 мың шақырым жол жөндеуден өткен. Енді жөндеуді қажет ететін 5 мың шақырымдай республикалық маңыздағы жол бар. Бүгінде елімізде 13 халықаралық көлік дәлізі жұмыс істеп тұр. Олар 5 теміржол мен 8 автомобиль жолы. Жиын қорытындысында Әлихан Смайлов келесі жылдан бастап, Каспийде паромдар құрылысын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдауды сондай-ақ, көлік және логистиканы дамыту институтын құру мәселесін қарастыруды тапсырды.

Аягөз Оралбайқызы


Хабарламаларға жазылу