Президент Ұлттық қордан балаларға қаржы төлеу туралы заңға қол қойды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Ұлттық қордан балаларға қаржы төлеу туралы заңға қол қойды

19.11.2023

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қордан балаларға қаржы төлеу туралы заңға қол қойды.

«Отбасы банк» Басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова екі оқиғаның оқиға тұспа-тұс келгенін атап өтті: 20 миллионыншы азаматтың дүниеге келуі және Ұлттық қордан балаларға қаражат аударуды қамтамасыз ететін заңға қол қойылуы.

Құжатқа сай, енді 1 қаңтардан бастап Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50 пайызы балалардың арнайы жинақтау шоттарына аударылады. Қаржы барлық балаға тең бөлінеді. Отбасы банк - «Ұлттық қор – балаларға» жобасы операторларының бірі. Ләззат Ибрагимова қаражатты не үшін пайдалануға болатынын түсіндіріп өтті. Алғашқы қаражат 2024 жылдың ақпан айында түседі. Бұл қаржыны болашақта тұрғын үй сатып алуға немесе білім алуға жұмсауға болады – деді ол.

Хабарламаларға жазылу