әш-Шифа ауруханасынан балалар эвакуацияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

әш-Шифа ауруханасынан балалар эвакуацияланды

20.11.2023

Газа секторының негізгі ауруханасы «әш-Шифадан» мерзімінен бұрын туған 31 нәресте эвакуацияланды. Шақалақтарды палестиналық Қызыл Крест пен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мамандары қауіпсіз жерге көшірген. Уақыт шектеулі болғандықтан, халықаралық ұйымдардың өкілдері бұл госпитальде бір сағат қана болып, оны «ажал ордасы» деп атады. Сонымен қатар, олар аурухананың атқыланғанын және оның кіреберісінде 80-нен астам адам жерленген ортақ моланы көргендерін мәлімдеді.

Айта кетсек, қазанның 7-де басталған соғыстан таза су, отын, дәрі-дәрмек, азық-түлік таусылуға жақындап, «әш-Шифа» қызметін іс жүзінде тоқтатуға мәжбүр болып отыр.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу