Ресейде дауылдан 500-ден астам елдімекен жарықсыз қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейде дауылдан 500-ден астам елдімекен жарықсыз қалды

20.11.2023

Көршілес Ресейдің де бірнеше өңірінде қатты дауыл болды. Сібір аймағында жел үйлердің шатырларын жұлып алып, ағаштарды құлатты.

Индира Бегайдар, тілші:

Ауа райының қолайсыздығы Кемерово және Краснояр елімізбен шектесетін Алтай өлкесі, Омбы және Новосібір облыстарына қатты әсер етті. Жел 35 м/с дейін екпінмен үйлердің шатырларын, ағаштарды қиратып, көліктерге зиян келтірген. 500-ден астам елді-мекен жарықсыз қалды. Апат салдарынан кем дегенде бес адам зардап шекті, екі тұрғын қайтыс болды дейді мамандар. Әлі де құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Ресейдің Төтенше жағдайлар министрлігінің жедел штабы зардап шеккен өңірлерде жүр қазір. Алдағы сағаттарда синоптиктер ауа райының нашарлайтынын ескертеді.

Индира Бегайдар

Хабарламаларға жазылу