Үкімет Президенттің сайлауалды тұғырнамасы бойынша қол жеткізген нақты нәтижелерді атап өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үкімет Президенттің сайлауалды тұғырнамасы бойынша қол жеткізген нақты нәтижелерді атап өтті

20.11.2023

Президенттің «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасын ұсынғанына бір жыл өтті. Онда Мемлекет басшысы жаңа тарихи кезеңдегі республиканың негізгі даму бағыттарын белгілеп берді. Үкімет Сайлауалды тұғырнама бойынша қол жеткізген нақты нәтижелерді атап өтті.

Биыл 1-ші қаңтардан бастап ең төменгі жалақы мөлшері 70 мың теңгеге дейін көбейді. Демек, Қазақстандағы шамамен 1 млн 800 мың жалдамалы қызметкердің табысы өсті. Бала күтімі бойынша мемлекеттік жәрдемақы мен әлеуметтік төлем беру мерзімі 1 жылдан 1,5 жылға дейін ұзартылды. Жыл басынан бері 847 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды, оның 420 мыңнан астамы – жастар. Биыл наурыз айынан бастап жас кәсіпкерлерге жылдық мөлшерлемесі 2,5 пайыздық шағын несие беру қолға алынды. Осы орайда 5 мың 300-ден астам жас кәсіпкерге несие мақұлданды. Әлеуметтік осал топ өкілі саналатын және ерекшелігі бар кәсіпкерлерге 9 мыңнан астам грант берілді. Жақында ғана Мемлекет басшысы «Ұлттық қор – балаларға» жобасы туралы Заңға қол қойды. «Бұл адам капиталын дамытып, ұлт сапасын арттырар ұтымды бағдарлама»,- дейді сарапшы Ермек Тоқтаров.

Ермек Тоқтаров, Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының бөлім басшысы:

Бұл үлкен саяси реформалардың бастамасы. Бұрын Дубайда, тағы да басқа араб елдерінде мұнай сатып, оларға табыс беріледі дейтін едік. Бізде де осындай жоба бар. Әрине, ол ақшалай түрде, қолма-қол ақша түрінде берілмейді. Бірақ сонда да бұл қаражаттарды олар біліміне немесе тұрғын үй алуға жұмсауға болады. 


Хабарламаларға жазылу