Түркияда селден 9 адам қайтыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркияда селден 9 адам қайтыс болды

21.11.2023

Табиғи апат Түркияны да айналып өтпеді. Елдің бірнеше аймағында қатты нөсерден кейін болған селден 9 адам қайтыс болды. Олардың үшеуі бала. Қаза тапқандардың бесеуі суға батып көз жұмса, бір отбасының 4 адамы іргесін су шайып құлаған жер үйдің астында қалған. Арнасынан асқан өзендер бірнеше қаларалық жолды шайып кетіп, көлік қатынасы қиындады. Бұдан бөлек, қатты жел 57 мектеп пен 43 үйдің шатырын ұшырып әкеткен. Қазір апат болған аймақтарда құтқару және зардаптарды жою жұмыстары жүріп жатыр.

Әли Иерликая, Түркияның Ішкі істер министрі:

Апат болған аудандарда 797 құтқарушы, 295 арнайы техника, екі ұшақ пен бір тікұшақ қызмет етіп жатыр. Екі күннің ішінде құтқару қызметтерінен көмек сұраған екі мыңнан аса қоңырау түсті. Біздің мамандар ауа райының қолайсыздығына қарамастан күн-түн демей жұмыс істеп жатыр. Апаттан зардап шеккен тұрғындардың шығындары есептеліп аз уақытта төлемақы бөлінеді.

Айдос Әшімұлы


Хабарламаларға жазылу