Жамбылда оқушылардың ұшынуына асханадағы үш аспаздың тазалық сақтамауы себеп - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбылда оқушылардың ұшынуына асханадағы үш аспаздың тазалық сақтамауы себеп

21.11.2023

Жамбылда оқушылардың астан ұшынуына асханадағы үш аспаздың тазалық сақтамауы себеп. Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті өкілдері осылай дейді.

14 түрлі тағамнан сынама алған тексерушілер күріш пен тауық етіненішек таяқшасын тапқан. Яғни, тағамдар талапқа сай сақталмаған. Аспаздардың жеке гигиена ережелерін елемеуінен тамақ дайындау технологиясы бұзылған. Соңғы сараптамада«стафилококк» диагнозы екені дәлелденді. Сондай-ақ тазалыққа жауапты мектеп медбикесі, әлеуметтік қызметкер мен жеке кәсіпкерден де сынама алынған. Енді олардың қайсы кінәлі екенін құзырлы орган анықтайды. Тазалық сақтамағандарға бір жарым млн теңге айыппұл салынуы мүмкін.

Салтанат Әлібаева, облыстық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары:

Микробиологиялық зерттеудің 24 сынамасын алсақ, оның 12-сі оң нәтиже көрсетті. Сонымен қатар жұмысшыларға 12 зертеу жүргіздік. Оның үш жұмысшысында да оң нәтиже көрсетті. Сол асханада жұмыс істейтіндер. 80 шайындының 14 шайындысында бактериялық ішек таяқшалары анықталды.

Естеріңізде болса, екі апта бұрын Байзақ ауданы, Киікбаев гимназиясының 60-тан аса оқушы астан ұшынған болатын. 35 адам ауруханаға жатқызылып, бәрі сауығып шықты. Осы оқиғадан кейін мектептегі асхана жұмыс істемейді.


Данияр Әлімқұл 

Хабарламаларға жазылу