Саунадағы балалар лагері: Білім басқармасының бөлім басшысы ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Саунадағы балалар лагері: Білім басқармасының бөлім басшысы ұсталды

22.11.2023

Алматыда білім басқармасы мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы ұсталды. Ол балалардың демалысын ұйымдастырушыдан 12 млн теңге пара алмақ болды деген күдікке ілінген. Бұл туралы қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады. Пара компанияны конкурс жеңімпазы деп тану үшін берілген. Балалар лагерін ұйымдастыру үшін қажетті материалдық немесе еңбек ресурстары жоқ компания жеңімпаз деп танылғаны анықталды. Қазір тергеу жалғасуда.

Еске салайық, Алматы қаласының сыртындағы балалар лагерінің жұмысына бір топ ата-ана наразылық білдірген болатын.Себебі, балалар демалатын орын саунада орналасқан. Прокурорлар лагерь жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған Алматы қалалық білім басқармасының бюджетінен қаржыландырылғанын анықтаған еді.

Қуан Нұрақын


алматы

Хабарламаларға жазылу