Шығыс Қазақстанда елді мекендердің 95%-ы мобильді интернетке қосылған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыс Қазақстанда елді мекендердің 95%-ы мобильді интернетке қосылған

22.11.2023

Шығыс Қазақстан облысындағы тұрғындар 2027 жылға дейін интернетке толық қол жеткізеді. Бүгінде облыс халқының 95 пайызында мобильді интернет бар. Тек биылдың өзінде Қотанқарағай мен Тарбағатайдағы ең алыс бірнеше ауыл қосылды. Бұл жұмысты жеделдету үшін өңірлік « Жол картасы» бағдарламасы да бекітілді.

Шығыстағы аудан орталықтары мен ірі елді-мекендердің бәрінде интернет бар. Әкімшілік пен мектеп және аурухана тәрізді әлеуметтік нысандардың көбі 4G сапасына көшірілді.

Зайсан қаласындағы Мұхтар Әуезов атындағы орта мектеп те интернеттің игілігін көріп отыр.Оқу орындағы құжаттың бәрі цифрлы жүйеге көшкен. Ал оқушылар роботатехникадан түрлі пішіндер құрасытруда ғаламтордың көмегіне жүгінеді.

Бақытгүл Сапарғалиева, информатика пәнінің мұғалімі:

Кабинет жабдықталған интернет бар. Балалар сол интернеттен алып қарайды өздері қандай болмасын жобаларды. Өздерінің ойын өқосады. Сол интернеттен алған идеяларға.

Жалпы Зайсан ауданындағы 33 ауылдың 23-інде интернет бар. Шағын 10 елді мекенге антенналық-діңгектерін орнату үшін теңгеге жобалық-сметалық құжат әзірлеу үшін облыстық бюджеттен 282 миллион теңге бөлінген.

Ілияс Әбдірахманов, ШҚО цифрландыру және архивтер басқармасы басшысының орынбасары:

Облыс халқын интернетпен қамтамасыз ету нәтижелерін көтеру мақсатында жол каратсына қол қойылған. Облыс әкімнің тапсырмасы бойынша мобилдік интернепен қамтамасыз ету көрсеткіштерін көбейту үшін антена құрылыстары жоспарланған. Соның бірі мысалы Глубокое ауданы Зимовое ауылына аяқталуға жақындап қалған. Жылдың аяғына дейін қосамыз.

Биыл шалғайдағы 20 елдімекен мобильді интернетке қосылды. Ал 2027 жылға дейін тұрғын саны 200 адамды құрайтын ауылдарға кезең-кезеңмен қосылмақ.

Олжас Керейхан, тілші:

Биыл елімізде 5G жаңа мобильді желісін енгізу басталды. 2025 жылдың соңына дейін республикалық маңызы бар қалалардың 75% ал облыс орталықтарының 60% 5G технологиясына өтеді . Сонымен қатар ірі автокөлік жолдырының бойына базалық станцияларды салу жоспарланып отыр.


Олжас Керейхан

Хабарламаларға жазылу