Астанада колледж студенттері арасында «WorldSkills Kazakhstan» байқауы басталды. Республика бойынша VIIІ мәрте ұйымдастырылып жатқан жарыстың мақсаты, сервистік және өндірістік кәсіптердің мәртебесін арттыру. Әр өңірден шамамен 500-ден астам студент келді. Олар кірпіш қалау, аспаздық, шаштараз, ІТ салалары бойынша өзара бақ сынасады. Үздік деп танылғандары, келесі жылы Францияда өтетін халықаралық жарысқа жолдама алады. Марапаттау рәсімі 27 қарашаға жоспарланған.
Ақзира Бақтыбайқызы, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің департамент директоры міндетін атқарушы:
2014 жылдан бастап Қазақстан worldskills international мүшелігіне еніп отыр. Сонымен қатар 2016 жылдан бастап worldskills europa мүшелігіне еніп отыр. Бұл біздің жұмысшылардың беделін арттыруға бағытталған үлкен қозғалыс деп айтсақ болады.
Арайлым Өзбекова , жарысқа қатысушы:
Мен worldskills жайлы колледж ішіндегі сайыстардан білген болатынымын. Менің кураторым маған үлкен үміт ұялатты. Мен соның арқасында сайысқа келіп отырмын. Менің келіп отырған құзыретім мейрамхана қызметі бойынша. Мен өзіме үміт артып Францияға жолдама аламын деген ойдамын, сенемін.