Елімізге қызылшаға қарсы 500 мың доза вакцина жеткізілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізге қызылшаға қарсы 500 мың доза вакцина жеткізілді

23.11.2023

Бүгін Алматыға Үндістаннан қызылшаға, қызамыққа және паротитке қарсы 500 мың доза вакцина жеткізілді. Екпе әрі қарай еліміздің барлық өңіріне таратылады. Денсауық сақтау министрлігі жаппай иммундау жүргізу үшін қосымша 1,5 миллион доза вакцина әкелінетінін хабарлап еді. Жақын арада қалған 1 миллион дозасы жеткізіледі. Жыл басынан бері инфекциялық ауруды 16 мың 845 адам жұқтырған. Соның ішінде 2,5 мыңнан астамы алматылықтар. Қазір тіпті қаладағы ауруханаларда науқастарға орын жоқ. Айта кетейік, бұған дейін тегін екпе сәбилерге тек 1 жасында салынса, ревакцинациядан 6 жасында өтетін. Ал қазір 6 және 11 айлық сәбилерге және 2 және 4 жастағы бөбектерге де егіледі. Сондай-ақ ерекше балаларға да қарсы көрсетілімдері болмаса вакцина салынып жатыр.

Әйгерім Ердаулет

Хабарламаларға жазылу