Қызылшаға қарсы вакцина 6 айлық сәбилерден бастап салынып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылшаға қарсы вакцина 6 айлық сәбилерден бастап салынып жатыр

23.11.2023

Алматыдағы жұқпалы аурулар ауруханасы науқастарға толған. Қосымша жатын орындар қою қарастырылып жатыр. Мамандар қызылшаның өршіп тұрғанына алаңдаулы. Жалпы ел бойынша эпидемиологиялық ахуал тұрақсыз. Сырқатты жұқтырғандар саны 17 мыңға жуықтап қалған.

Алматыда сәбилеріне өз еркімен екпе салдыруға келген ата-аналар көбейген. Олар ел ішіндегі эпидемиологиялық жағдайдан құлағдар.

Аружан Серікқалиева, қала тұрғыны:

Туыстқандардың да балалары бар ауырып жатқан. Сондықтан тезірек вакцина алғанды құп көріп, баламды әкеліп тұрмын.

Юлия Ақжалова, қала тұрғыны:

Кеше медбике емханада екпе салынып жатқанын хабарлады. Ойланбастан бүгін вакцина алуға келдік.

Алматыдағы балаларға арналған емханалардың барлығы екпе алғысы келетіндерді қабылдап жатыр. Мамандар дерттің ушыққанына аладап, 6 айлық нәрестерелге де вакцина салуда. Тіпті аутизм және ДЦП дертіне шалдыққан балалар да иммундалуда.

Алмаш Ахметова, қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы:

Қарашаның 10 мен 22-сі аралығында қызылша, қызамыққа қарсы иммундауға жататын 6 айдан бастап 10 жастағы балаларға қызылшаға қарсы екпе жұмыстары жүргізілді. Егілген балалардың саны 2800-ден астам.

Бүгінгі таңда Алматыда қызылша жұқтырғандардың саны 2500-ден асып кетті. Қазір аурханалар 90 пайызға толған. Қосымша жатын орындар қарастырылп жатыр. Ел бойынша эпидемиологиялық ахуал тұрақсыз болып тұр.

Жасұлан Алпысбаев, ҚР ДСМ санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің басқарма басшысы:

Жыл басынан бері 16 800-ден астам сырқаттанушы тіркеліп отыр. Соның ішінде 85 пайызы 14 жасқа дейінгі балалар болып отыр. Сол балалардың ішінде 84 пайызы екпе алмаған балалар. Кезінде жоспарға сай 1 жасында сосын 6 жасында ревакцинация міндетті түрде алуы керек еді. Соны алса балаларда иммунитет қалыптасып қызылшаға қарсы иммунитет қалыптасып, ауруға төтеп беретіндей мүмкіндіктер болатын еді.

Айта кету керек, осыған дейін елде 228 мың доза вакцина болған. Бүгін тағы 500 мың доза Үндістаннан жеткізілді. Ал, жыл соңына дейін тағы 1 млн доза әкелінбек.

Нұрсұлтан Тілектес

Хабарламаларға жазылу