Үкімет 2026 жылға қарай инфляцияны 5%-ға дейін төмендетуді жоспарлап отыр. Қазір ол 10,8 пайызға тең. Жыл соңына дейін бұдан да төмен болады деген болжам бар. Ал ақпан айында инфляция 20 пайыздан да жоғары болды. Премьер-министр бағаны түсіру үшін ең алдымен тұрақтандыру қорларының қызметі қайта ұйымдастырылғанын айтты. Оның ішінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қаржыландыруға басымдық берілген. Маусымааралық кезеңде тауарлық интервенция жасалды. Сонымен бірге, мыңға жуық делдалдың жұмысына тосқауыл қойылды деді Үкімет басшысы.