Астанада қызылшамен ауырып жатқан 6 бала жансақтау бөлімінде жатыр. Олардың екеуінің жағдайы күрт нашарлап, өкпені жасанды желдету аппаратына қосуға тура келген. Ал қалған төрт науқастың жағдайы ауыр деп хабарлайды жергілікті әкімдік. Қызылшаның өршуінен қалалық нөмірі үшінші балалар ауруханасы, төсек орын санын екі есе көбейтуге мәжбүр. Бұған дейін 300 баланы емдеуге есептелген бөлімше 557 науқасты қабылдауға дайын.
Қаракөз Тұрмағанбет