Атырауда экс-полицейлер қылмыстық жазаға тартылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда экс-полицейлер қылмыстық жазаға тартылды

24.11.2023

Атырауда полицияның бұрынғы 5 қызметкеріне сот үкімі шықты. Оларға тергеу кезінде күдіктіні соққыға жықты деген айып тағылған. Қылмыскердің үшеуі 4 жылға, екеуі 3 жылға бас бостандығынан айырылды. Әрқайсысы жәбірленушіге 500 мың тг көлемінде моральдық өтемақы төлеуі керек. Сондай-ақ, енді олар құқық қорғау органдарында 3 жыл жұмыс істей алмайды.

Зәуре Қазақбай, Атырау қалалық №2 сотының судьясы:

Айтбаевқа, Жонбаевқа, Мажитовке, Сиғуатовқа, Төлеуошівке жаза өтеу орыны болып қылмыстық атқару жүйесінің орташа қауіпсіздік мекемесі тағайындалсын. Жаза өтеу мерзімін 2023 жылғы 23 қарашадан бастап есептелінсін.

Нұрлыбек Бағыт


Хабарламаларға жазылу