Қазақстанда 260 әлеуметтік кәсіпкер ресми тіркелген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда 260 әлеуметтік кәсіпкер ресми тіркелген

24.11.2023

Орталық Азиядағы әлеуметтік кәсіпкерлер Астанада бас қосты. Мақсат саланы дамыту арқылы жұмыс орындарын көптеп ашу. Жиналғандар өз тәжірбиелерімен бөлісті. Құрылтайға Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев қатысты. Айта кетейік, Қазақстан – Орталық Азия аймағындағы әлеуметтік кәсіпкерлік туралы заң қабылдаған алғашқы мемлекет. Бүгінгі жиында осы бағыттың жай-жапсары толық талқыланды. Ал, әлеуметтік кәсіпкер дегеніміз - халықтың әлжуаз тобын жұмысқа алатындар. Сондай-ақ, әлеуметтік проблемаларды шешуге ықпал ететін қызметпен айналысатын субъектілер жатады. Елімізде бұл салаға әртүрлі мемлекеттік қолдау көрсетіледі.

Жалпы Қазақстанда 260 әлеуметтік кәсіпкер ресми тіркелген.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

Бүгін біз Орталық Азия әлеуметтік кәсіпкерлерінің алғашқы құрылтайына жиналып отырмыз. Маңызды жиынға Орталық Азиядағы бауырлас елдерден және Ресейден келген меймандарымыз да қатысуда. Жаңадан құрылып отырған мұндай диалог алаңы әлеуметтік кәсіпкерлдікті дамытуға және елдеріміздің арасындағы ынтымақтастықты кеңейтуге үлкен үлес қосады деп сенемін.

Хабарламаларға жазылу