Қызылша тек Қазақстанда ғана емес көрші жатқан Ресейде де өршіп тұр. Елдің 50 өңірінде жағдай күрделі. Жыл басталғалы 8 мыңнан астам адамда індет анықталған. Былтырғы тап осы кезеңмен салыстырғанда, биыл 300 есе көп, дейді дәрігерлер. Мамандардың айтуынша, елде санкцияға байланысты дәрі-дәрмектің қоры таусылған.
Николай Малышев, дәрігер-инфекционист:
Аурудың өршуі көп жағдайға байланысты. 14 миллион адам әлі екпе қабылдамаған. Сондай-ақ пандемия кезінде коронавирустан басқа ауру түрлеріне қарсы вакцинациялау тоқтап қалды. Енді соның салдарымен күресіп жатырмыз. Алдағы уақытта қызылшадан екі және үш компонентті вакцина шығарылады.
Индира Бегайдар