Мемлекеттік күзет қызметі Айрықша мақсаттағы күштерінің жауынгерлері бүгін Астана мен Алматы қалаларында осылай Әскери ант қабылдады. Бұған дейін олар арнайы дайындықтан өткен болатын. 2023 жылғы күзгі шақырылым бойынша мерзімді әскери қызмет сарбаздары еліміздің барлық аймақтары мен республикалық маңызы бар қалаларынан іріктеліп алынды. Әскери ант қабылдау рәсіміне жас сарбаздардың ата-аналары мен жақындары қатысты. Салтанатты шара Астанада Отан қорғаушылар монументі алдында, ал Алматыда 28 панфиловшылар паркінде өтті. Сайдың тасындай іріктелген жүздеген бозбала отан алдындағы борышын енді «Батыр» және «Айбын» президенттік полкілерінде өтейді.
Қағылез Серікнұр, «Айбын» президенттік полкінің жауынгері:
Мемлекеттік күзет қызметіне түсу үшін таныс керек, қиындықтар болуы мүмкін деген сияқты сыбыстар жүруі мүмкін. Бұл жерге тек бойы 180 см жоғары, орта білімді кез келген ауылдың қара домалақ баласы келуіне болады.
Қарагөз Тұрмағанбет