Ресейде пайыздық мөлшерлеме төртінші рет көтерілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейде пайыздық мөлшерлеме төртінші рет көтерілді

27.11.2023

Ресейде биыл пайыздық мөлшерлеме осымен төртінші рет көтерілді. Елде қымбатшылық белең алды. Санкция салдарынан дәрі-дәрмек жетіспей, техника тағы қымбаттады. Ет, сүт өнімдері, жеміс, көкөніс бағасы тағы 25 пайызға қымбаттады. Коммуналдық төлемдердің де құны өскен. Экономикалық шектеулердің астында қалған Ресей халқын қымбатшылық қос бүйірден қысып тұр.

Наталья Воронцова, қала тұрғыны:

Мен Канададан анама келдім. Қымбатшылық қатты байқалады. Бұрын АҚШ долларын рубльге айырбастап, керегімізді алатын едік. Ал қазір ол ақшаға түк сатып ала алмайсың.

Бүгінгі күні инфляция 7 пайыздан асып кеткен. Осыған дейін Ресей ішкі нарығына қажетті азық-түлік өнімдерінің 40 пайызын Еуропадан алатын. Алыс-беріс үзілгелі импорттық тауар жоқтың қасы.

Инна Андронова, экономист:

Бүгінгі күні өнеркәсіптік технологияны қолға алу маңызды. Импортқа тәуелділіктен арылу үшін жұмыс істелініп жатыр. Алайда оған жылдар керек. 30 жыл бойы импорттық тауарға үйренгендік, енді отандық өнімдерге баса назар аударған жөн.

Орталық банк басшысы қымбатшылықпен күресу үшін алдағы уақытта қаржы-несие саясатын қатаңдатуға тура келетінін жоққа шығармады. Бұл- мөлшерлеме әлі де өсуі мүмкін деген сөз.

Индира Бегайдар


Хабарламаларға жазылу