Солтүстік Қазақстанда жыл басынан бері 223 ірі қарадан бруцеллез анықталды.Ауру мал тәркіленіп, арнайы алаңдарда сойылды. Иелеріне өтемақы төленеді. Қауіпті дерттің таралуының және адамарға жұғуының алдын алу мақсатында облыс бойынша 4 елді мекенде шектеу шаралары енгізілді. Дер кезінде диагностика жасау мақсатында қауіпті аймақтағы малдан 20 күн сайын сынама алынады. Ауруға шалдыққан ауылындағы серіктестікте 5 сиырдан бруцеллез анықталды.
Аманжол Нұртазин, облыстық ветеринария басқармасының баспасөз хатшысы:
Бруцеллез анықталған аумақтарда шектеу енгізілді. Ол дегеніміз – малды сыртқа және оның сүт-ет өнімерін өзге елді мекендерге шығаруға шектеу қойылды.
Эльмира Кәленова