Ең ірі мұздық жылжи бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ең ірі мұздық жылжи бастады

27.11.2023

Әлемдегі ең ірі мұздық орнынан жылжи бастады. Мұны ғалымдар байқаған. Олардың мәлімдеуінше, мұздық Оңтүстік мұхитқа қарай беттеп барады. А23а деп аталатын айсбергтің көлемі Нью-Йорк қаласы аумағынан үш есе үлкен. Ол 1986 жылы теңіз түбіне тоқтап, содан бері қозғалмаған еді. «Reuters» келтірген дерегіне қарағанда, мұздық уақыт өте келе жұқарып, жеңілдеген. Сол себепті мұхит ағысына қосылса керек. Ол Оңтүстік Георгия аралы жағалауына жетуі немесе жолда бөлініп кетуі мүмкін.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу