Биыл елімізде адам ағзасын сату бойынша 4 қылмыстық дерек тіркелген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл елімізде адам ағзасын сату бойынша 4 қылмыстық дерек тіркелген

27.11.2023

Жыл басынан бері елімізде адам ағзасын сату бойынша 4 қылмыстық дерек тіркелді. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі хабарлады.

Алматы, Жамбыл және Түркістан облысындағы ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері 23 адамды ұстаған. Қылмыстық топ мүшелері ішкі органдарын сатқысы келетіндерге ақша ұсынған. Сондай-ақ, жалған құжат жасаумен де айналысқаны анықталды.


Тәуір Бозекен

Хабарламаларға жазылу