Риддердегі жылыту электр орталығында жөндеу аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Риддердегі жылыту электр орталығында жөндеу аяқталды

27.11.2023

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласындағы жылыту электр орталығында орташа қысымдағы үш қазандық жұмыс істеп тұр. Энергетик мамандардың айтуынша, бұл шаһарды қыста жылумен толық қамтуға қуаты жетеді. Ал желтоқсан айында жоғары қысымдағы үш қазандық қосылады.

Риддер жылыту электр орталығындағы жөндеу жұмысы маусым айында басталды. Нәтижесінде кеншілер шаһарына биыл жылу дәл уақытында берілді.

Қазір жоғары қысымдағы нөмірі үшінші қазандықта дайын тұр. Тағы екеуі желтоқсан айында іске қосылады.

Кирилл Голота, «Риддер ЖЭО» бас инженері:

Қысқа мерзім ішінде бірнеше ауысымда 400-ден астам маман жылу орталығында еңбек етті. Қазір жылу желісіндегі температура 72, ал кері бағытта 49 градусты ұстап отырмыз.

Үшінші және төртінші қазандықтар толық іске қосылған соң энергия өндіру басталады. Елу жылдан асқан электр қондырғылар да толық жаңаланды.

Ермек Көшербаев, Шығыс Қазақстан облысының әкімі:

Қалаға ешбір қиындық жоқ. Жылу жағынан. Әрине, егер суық -30 гардустан, төмен түсіп кетсе қазір дайындап жатқан қосымша 3 қазандық біреуін тағы қосамыз. Төртеуі жетеді деп, ойлап отырмыз екеуі резервте тұрады. 00 37.43.-көмір қоры қазір 15 күнге. Әрине, 20 күнге керек. Ол жағынан ешқандай қиындық жоқ. Толығымен ақша облыс бюджетінен берілген. Өздеріңіз білесіздер ЖЭО өзін коммуналдық меншікке көшірдік.

Стратегиялық нысанды жаңғыртуға биыл республикалық бюджеттен 8 миллиард, облыс қазынасынан 500 миллион теңге бөлінді. Бұл қаржыға тек жылыту орталығы ғана емес ескі құбырда ауыстырылды.

Олжас Керейхан

Хабарламаларға жазылу