Ақмола облысында «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасына заңсыз қатысқан 13 мұғалім анықталды. Олар жалған дипломмен ауылдық жерлерге жұмысқа тұрып, жеңілдетілген несие мен жәрдемақы алған. Мемлекетке келтірілген залал 30 миллион теңгеден асады.
Меруерт Байболова, облыстық прокуратураның басқарма прокуроры:
Мәселен, 2021 жылы бір мұғалім жалған диплом бойынша Атбасар ауданының оқу орнында биология пәнінің мұғалімі болып жұмысқа орналасқан. Ал 2022 жылы мүліктік игіліктер алу мақсатында, сол жалған дипломды пайдаланып, бағдарламаға қатысып, 4,9 млн теңге алған. Осылайша ол 2 жыл бойы осы салада құзыреті болмасада балаларды оқытқан.
Ұмсындық Наурызбаева