Израиль мен Хамас атысты тоқтату туралы келісімнің мерзімі екі күнге ұзартылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Израиль мен Хамас атысты тоқтату туралы келісімнің мерзімі екі күнге ұзартылды

28.11.2023

Израиль мен Хамас атысты тоқтату туралы келісімнің мерзімін тағы екі күнге ұзартуға келісті. Бұл шешім тұтқын алмастыруды әрі қарай жалғастыруға мүмкіндік бермек.

Соңғы мәліметке қарағанда, Хамастың кепілдігінен тағы 11 израильдік әйел мен бала босатылды. Олар бірнеше сағат бұрын Газа секторынан еврей мемлекетінің аумағына жеткізілген. Бұған жауап ретінде Израиль өз түрмелерінен 33 палестиналықты үйлеріне қайтарды. Оларды Шығыс Иерусалим мен Батыс жағалау жұрты қуанышпен қарсы алды.

Осымен Хамас босатқан израильдіктер мен шетелдіктердің жалпы саны 69-ға жетсе, абақтылардан шығарылған палестиналықтар қатары 150-ге жуықтап отыр.

Израиль-Хамас соғысы қазанның 7 күні басталды. Содан бері 240 израильдік кепілдікке алынып, 1200-і қаза тапты. Ал Газада Израильдің бомбалау операциялары мен жаяу әскерінің шабуылдарынан 15 мыңнан астам палестиналық мерт болған.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу