Британиялық туристік компаниялар Қазақстанға шетелдік саяхатшыларды тартуды жоспарлап отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Британиялық туристік компаниялар Қазақстанға шетелдік саяхатшыларды тартуды жоспарлап отыр

28.11.2023

Ұлыбританиядан Ұлы дала еліне. Британиялық туристік компаниялар Қазақстанға шетелдік саяхатшыларды көптеп тартуды жоспарлап отыр. Бұл туралы олар елшілікте өткізілген Роуд шоуда айтты.

Шараға 30-дай шетелдік туроператор қатысты. Олардың қатарында Алан Роджерс те бар. Компаниясы негізінен қалталы зейнеткерлермен жұмыс істейді. Енді оларға Қазақстанға саяхаттауды ұсынамыз, дейді Алан.

Алан Роджерс, Аудлей травел агенттігінің бөлім бастығы:

Табиғаттарыңыз ғажап, халқыңыз керемет. Тағамдарыңызға да тәнтімін. Туроператорларыңызбен тығыз жұмыс істеп, ақпарат алмасқымыз келеді.

Роуд шоуға келген 9-ға жуық отандық компания арасында шырайлы Шымкенттің өкілдері де бар. Шаһарларын Қазақстанның гастрономиялық туризм отаны деп таныстыруда. Біздегі тағамдар дәмді, қолжетімді бағада дейді олар.

 Ғазиза Кулимова, Шымкент қаласы туризм басқармасының бас маманы:

2022 жылдың өзінде 500 мыңға жуық турист келген. Ұлыбританиядан да келетін туристердің саны жыл санап артып келе жатыр.

Бүгінде Қазақстанға 80-нен астам елдің азаматы 30 күнге дейін визасыз кіре алады. 600-ге жуық халықаралық ұшақ 30-дан астам елге қатынайды. Алдағы уақытта Токио, Сингапур және Нью-Йорке де тікелей рейстер ашу жоспарланып отыр.

Марина Бекенова


Хабарламаларға жазылу