Жетісу облысына қызылша дертіне қарсы 20 мың доза вакцина жеткізілді. Тамыз айынан бері өңірде бұл вирустық індеттің өсуі байқалған. Қазіргі таңда 467 жағдай тіркелсе, оның 319-ы расталып отыр. Ауру жұқтырғандардың 60 пайызы бес жасқа дейінгі балғындар. Ал науқастардың 83 пайызы бұрын қызылшаға қарсы егілмеген. 6 қарашадан бері жаппай иммундау аясында 6 айлық нәрестелерге вакцинациялау басталды. Сондай-ақ вирус жұқтырған адамдармен қатынаста болған 37 мың адам анықталып, олардың 600-ге жуығы екпе салдырды. Ал желтоқсан айынан бастап, 2 жастан бес жасқа дейінгі балалар егіле бастайды.
Индира Күнбасова, Жетісу облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары:
Арнайы емі жоқ бұл аурудың. Ең басты біздің алдын алу шарамыз бұл – вакцинация. Сондықтан қазіргі кезде жаппай қосымша иммундау жүргізіліп жатыр. Бүгінгі күнге вакцина жеткізілді. 20 мың доза келді. Сол аудандарға таратылып берілді. Бізде бүгінгі күнге 371 бала, адам егіліп болды.
Қуаныш Қанатұлы