Балаға зорлық-зомбылық көрсеткендер өмір бойына сотталуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Балаға зорлық-зомбылық көрсеткендер өмір бойына сотталуы мүмкін

28.11.2023

Балаға зорлық-зомбылық көрсеткендер өмір бойына сотталуы мүмкін. Заңға осындай қатаң өзгерістерді енгізу ұсынылды. Бұл жөнінде бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева мәлім етті. Ал, заң жобасы қазір Үкіметке жіберілген. Құжатта тағы қандай өзгерістер қарастырылған? Самал Қабышева рет-ретімен.

Самал Қабышева, тілші:

Балалар құқығын қорғау туралы заңға енгізіліп жатқан ұсынысқа сәйкес, енді бала зорлағандар өмір бойына сотталады. Яғни, баланың обалына қалған қылмыскер өмірінің соңғы күніне дейін темір торға қамалуы тиіс. Бұған, дейін мұндай қатаң бап елімізде болмаған. Бала зорлағандар ұзаса 20 жылға сотталып, артынша бостандықта жүретін.

Динара Закиева, ҚР бала құқықтары жөніндегі уәкіл:

Балаларға қарсы жасалған жыныстық зорлық-зомбылыққа қатысты тек ғана өмір бойы бас бостандығынан айыруды қалдыруды ұсындық. Себебі, қазіргі таңда 15 немесе 20 жыл және өмір бойына айыру деген жаза бар. Ал біз тек ғана өмір бойы бас бостандығынан айыруды ұсындық. 0849/ Осы заң жобасы қазір Үкіметтің қорытындысына жіберілген.

Сондай-ақ баланың денсаулығына орташа және ауыр зиян келтіргендердің де жазасы қатаңдатылуы мүмкін. Яғни, бұған дейінгі заңмен мұндай қылмыс жасағандардың кейбірі бас бостандығынан шектеу жазасымен де құтылып кететін. Сотталушылар бостандықта жүріп жазасын өтейтін. Енді бұл шектеуді мүлдем алып тастау, яғни бала денсаулығына зиян келтіргендердің бәрін бас бостандығынан айыру ұсынылып отыр. Демек, күдікті мен жәбірленуші тарап татуласпайды, ауыр қылмыс жасағандар бірден қамауға алу қарастырылған. Ал, адвокаттар ата-ана да баласына өз құқығы жайлы айтып отыруға міндетті екенін айтады.

Ләззат Ракишева, қорғаушы:

Ата-аналар балаларымен ашық сөйлеспейді. Балаларымен ата-ана ашық сөйлесіп, кішкентай кезінен сенің денеңе ешкімнің қолы тимеу керек, жеке шекарасын үйрету керек баланың.

Заң жобасы зорлық-зомбылыққа қарсы халықаралық 16 күндік акция аясында талқыланды. Сондай-ақ отырыста тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу үшін заңға қатаң өзгеріс енгізу де ұсынылды. Мәселен, қорғаушы Айман Омарова әйелін балағаттап, отбасының шырқын кетіретіндер 20-25 тәулікке қамалуы өте аз дейді.

Айман Омарова, ҚР Президенті жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшесі:

Кем дегенде алты айға жабу керек. Алты айдан төмен болмау керек деп санаймын. Қамау керек.

Әзірге бұл айтылғандардың бәрі тек ұсыныс. Заң жобасы қатаңдатылса елдегі әйелдер мен балаларға зорлық-зомбылық азаюы тиіс дейді мамандар.

Самал Қабышева

Хабарламаларға жазылу