Елімізде көлеңкелі экономика 18,8 пайызға төмендеді. Бұл туралы Атамекен ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен қаржылық бақылау агенттігі өкілдерінің кездесуі кезінде белгілі болды. Бүгінде бизнес өкілдеріне қатысты тергеу амалдарының 90 пайызы таспаға түсіріледі және істердің 80 пайызы электронды форматта тіркеледі. Бұл 2023-2025 жылдарға арналған көлеңкелі экономикамен күрес жоспары аясында іске асырылып жатыр. Сондай-ақ, қазір мемлекет басшысының тапсырмасымен экономикалық заң бұзушылықтардың кейбір құрамын ізгілендіру бойынша заң жобасы әзірленуде.
Оңғар Алпысбай