Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданына қарасты Бидайық ауылында фельдшерлік-акушерлік пункт салынды. Енді жергілікті жұрт шалғайдағы қалаға, аудан орталығына сабылмайды. Мекеме іске қосылған соң 1400 -ден астам тұрғынға медициналық қызмет қолжетімді болады. Оның құрылысына облыстық бюджеттен 133 миллион теңге бөлінген. Ғимаратқа ауыз су құбыры мен кәріз жүйелері тартылған. Медициналық нысанның 19 бөлмесі бар. Олардың іші фельдшерлік-акушерлік пунктке қажетті құрал –жабдықтармен қамтамасыз етіледі.
Руслан Нұрланұлы